ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУДЫҢ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ? - Kemel kz
#Жалпы

ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУДЫҢ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ?

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ «ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» МКК САЙРАМ АУДАНДЫҚ УЧАСКЕСІ БОЙЫНША ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ

Дәл қазір еліміздің бірқатар облыстарында ызғарлы қыс маусымы қаһарына мініп тұр. Яғни ақпан айының аяғында Түркістан облысында да күн райы күрт суытып  қалың қар қар түсіп үлгерді. Бұл ретте облыстық маңызға ие жолдарды қардан тазару және инертті материалдар себу жұмыстарын жүзеге асыратын «Оңтүстік жолдары» мекемесі тарапынан биылғы жауапты науқанға жалпы саны 118 техника жұмылдырылған болатын. Түркістаноблыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына қарасты аталмыш

мекеме өңіріміз бойынша жалпы ұзындығы  4 мың  шақырымға жуық жолдарға жауапты болса қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді. Айталық «Оңтүстік жолдары» МКК-ның Сайрам ауданындағы бригадасы аталмыш аудан аумағындағы  220 шақырымнан асатын облыстық маңызға ие жолдарға қызмет көрсетсе,  мұнда мекеменің  арнайы базасы орналасқан. Ол жерде кәсіпорын балансындағы  техникалар мен қысқы маусымға қажетті инертті материалдарды сақтауға арналған қоймалар да бар. Ал мұндағы жұмысшылар жыл бойына жолдарды күтіп ұстау жұмыстарын атқарып келеді. Осының есебінен облыстық маңыздағы  жолдар  уақытылы қардан тазартылып,  көлік жолдарында төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік туып отыр. Бұл бағытта мекеменің аудандық бригадасы  жергілікті ауыл әкімдіктері және төтенше жағдайлар қызметімен тығыз байланыста  жұмыс жасайды.