Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың кезекті халықпен есепті кездесуі Жеңіс ауыл округінде жалғасын тапты.
Есепті жиында аудан басшысы сәуір айында өткен есепті кездесуде тұрғындар тарапынан көтерілген ұсыныс-пікірлердің шешілу жолдары бойынша баяндады.
Ауылдық округте жоспарға сәйкес өткен кездесуде жалпы 2 мәселе көтеріліп, өз шешімін тапты.
Атап айтқанда Дихан елді мекеніндегі балалар ойын алаңшасы мамыр айында ретке келтірілді. Жеңіс ауылы, Қожанов көшесі бойынан қыркүйек айында балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді.
Тұрғындардың талап-тілегі бойынша ауылда игерілмей жатқан жер телімдерін ортақ жайылымға қайтару бойынша 63 гектар жайылымдық жер аудандық қорға қайтарылған.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары электр желілері, жарық бағаналары, дәріхана ашу туралы, суармалы жер мәселесі, ауыл көшелерін ретке келтіру бойынша бірқатар сұрақтар қойып, аудан басшысынан қанағаттанарлық жауап алды.
Халықпен кездесуде аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы тұрғындарды ауыл әкімдігімен бірлесе отырып, ауылдың қас-келбетін реттеуге, ауылдың кіре берісін жасылдандыруға шақырды.
Әрі ауылдың ауыл мектебінің құрылысы мен қысқы жылу маусымындағы нақты жағдайын тексеріп көрді.
Кездесу соңында жұртшылықты ауылды дамыту жолында ауыл әкімімен бірлесіп жұмыс істеуге, ауылдың ажарын ашып, қасбетін ретке келтіруге шақырды. Сондай-ақ, ауылдағы өзекті мәселелерді аралап көріп, тиісті жауаптыларға тапсырма берді.