ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҢЫЗДЫ - Kemel kz
#Жалпы

ЖАСТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МАҢЫЗДЫ

Ордабасы аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Баймахан Диана мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында жастарға түсіндірме жұмысын жүргізіп, кеңес берді.

Іс-шараның мақсаты — жастарды мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау мәселелері бойынша кеңес беріп және жастарды жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру болып табылады.

Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.