Жаратылыс сыры-ғылымда - Kemel kz
#Білім

Жаратылыс сыры-ғылымда

       2024 жылдың 26 ақпан мен 07 наурыз күндері  аралығында Шымкент қаласы 55 жалпы орта білім беретін мектебінде әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Химия-биология» пәндер бірлестігінің онкүндігі  өтті. Жоспарға сәйкес 26 ақпан күні «Жаратылыс сыры-ғылымда»атты тақырыпта 5-11 сыныптар арасында  он күндіктің ашылу салтанатынан бастап, бірлестік ұстаздарының кезекті қызықты тақырыпта ашық сабақтарымен интелектуалды ойындар, дөңгелек үстелдер мен өрбіген. Бұл  10 күндіктің  мақсаты- химия , биология  сабақтары  барысында , ақпараттық  технологияларды  пайдаланып ,  оқушылардың  жаратылыстану  пәндеріне  деген  қызығушылығын  арттырып , заман  талабына  сай ,  бәсекеге  қабілетті білімді  де  іскер ,  еркін  ойлай  алатын ұрпақ  тәрбиелеу.

. Бірлестіктегі ардагер ұстаздар мен жас мамандар қатысқан бұл он күндікте биология пәні мұғалімдері  ата айтқанда: М.Н.Бегимбетова, М.Джумабаева, Г.С.Абдихаимова, Д.М.Алиманова , Э.М.Шаушашвили ұйымдастырған ашық сабақ тақырыптары: 1. «Эволюцияның салыстырмалы-анатомиялық,эмбриологиялық,палентологиялық дәлелдемелері. Эволюцияның биогеографиялық,биохимиялық дәлелдемелері.»                                     Моделдеу «Биология әлемінде» болса,  химия пәні мұғалімдері:П.М.Мирхамидова, А.Қасымбаева, Б.Серікханқызы 7 сыныптар арасында « Жас ғалымдар»дөңгелек үстелін өткізген. Сонымен  қатар :П.М.Мирхамидова  «Массовая доля растворенного вещества» , Г.Е. Косалиева «Рефлекс және рефлекс доғасы», Г.Аширбекова «Есту мүшесінің құрылысы. Естудің маңызы»,  Г.С. Абдихаимова «Адам ағзасының химиялық құрамы», Э.М.Шаушашвили  «Валентность. Химические формулы», Б.Серікханқызы « Химиялық  формулалар, салыстырмалы молеклалық массаны есептеу», А.С.Касымбаева, М.М.Нагимбекова «Адам ағзасының химиялық құрамы» атты ашық сабақтарды заман талабына сай ақпараттық технологиялармен және қызықты дидактикалық материалдармен  өз дәрежесінде оқушыларды қызықтыра мақсатқа жеткен болса,

қоғамның дертіне айналған, адамзаттың қас жауы  « Нашақорлық ең қауіпті дерт» және Вейптерден бастартудың 10 себебі», « Темекі шегу туралы сенімді фактілер», «Бір тартып көрудің салдары» тақырыбында  бірлестік мұғалімдері ғана емес директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Орынхан Үсенұлы мен бірге ұйымдастырылған дөңгелек үстелдерде жас буынға аталған зиянды заттардың ағзаға тигізер қауіптері мен салдары туралы зертханалық тәжрибелер мен жан – жақты зерттелген ақпараттар ұсынылып, түсіндіру, сонымен қатар нашақорлықты алдын алу жұмыстары өз дәрежесінде ұйымдастырылған.

Жоспарға сәйкес  он күндіктің жабылуы салтанатында сайыс сабақтар мен интелектуалды ойындарға белсене қатысқан оқушыларды мектеп директоры А.С Каппарова мадақтама қағаздарымен ынталандыру барысында марапттады.