Ордабасы ауданында «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту шаралары жүзеге асырылып келеді.
Төрткүл ауылында орналасқан «Көлбай» жеке кәсіпкерлігіне қарасты «Сұлтан Бейбарыс» сауда орталығы аудан тұрғындарына қызмет етуде. Аталған кәсіпкерлікте ауыл тұрғыны Омарова Бақыткүл Әсетқызы сауда орталығында заттарды дүкен сөрелерге орналастырып, басқа да жұмыстарды жасаса, Шаймерденова Алма кассирлік қызметін атқарады.
Қатысушылар жоба арқылы тек материалдық тұрғыда ғана емес, рухани түрде де қолдау тауып, жаңа орталар табады. Жобаның арқасында олар тек жұмысқа орналасып қана қоймай, өздерін қажет сезініп, қоғамға пайдалы істер атқаруда.