“Жұмысшы мамандықтар жылында еңбек адамдарын насихаттауға күш саламыз!”Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары - Kemel kz
#Әлеумет

“Жұмысшы мамандықтар жылында еңбек адамдарын насихаттауға күш саламыз!”Бейсенбай Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Түркістандық болашақ агрономдар жылыжайлар мен алқаптарда теориялық білімін практикада жетілдіріп жатыр. Ветеринария, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен өндіріске қатысты салаларды іс жүзінде меңгеріп, еңбекке бейімделуде. Бірі көкөніс дақылын ексе, бірі құлпынайды күтіп-баптауды меңгеруде. Өнімді теру мен тұтынушыға өткізуге дейінгі сатыларды қадам-қадаммен үйрену үстінде. Тұт ағаштарын өсіру ісіне де араласып, жібек шаруашылығына көңіл бөлінген. Балықты өңдеу мен ІТ бағытын дамытуға басымдық берілді. Осындай тың әдіс-тәсілдердің арқасында Түркістан өңіріндегі колледж білімгерлері республикалық «WorldSkills Kazakhstan-2024» чемпионатында жалпыкомандалық 6-орынды иеленді.

Жуырда облыс басшысы Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте аймақтағы арнаулы оқу орындарында білім сапасын көтеру мәселесі талқыланды. Онда Дархан Амангелдіұлы кәсіптік колледждердің техникалық базасын жақсарту, нарыққа қажетті мамандарды даярлау және грант санын көбейту, жатақханамен қамту, мемлекеттік тапсырысты оңтайландыруды міндеттеді. Былтыр 18 колледждің базасын нығайтылды. Биыл 7 колледж ағымдағы жөндеуден өтсе, 3 білім ұйымының жылу жүйесі газға ауыстырылуда. Колледжерде қоғамға қажет ІТ саласына назар аударылып, 1 білім мекемесінің оқу базасы жаңартылды.

Өңірдегі колледжерде 75 мамандықта 47 мыңнан аса студент оқиды. Жалпы 50 білім ұйымы жұмыс істейді. Жұмысшы мамандықтар жылында еңбек адамдарын насихаттауға күш саламыз. Биыл 15 мыңнан астам грант белгіленіп, толық игерілді. Тегін білім алуға ауыл-аймақтағы және NEET санатындағы жастарды тартуға ықпал еттік.

Колледждердегі мониторинг автоматтандырылды. Білім алушылардың дәріске қатысуын айқындайтын FACE ID жүйесі 25 мемлекеттік колледжде орнатылған болатын. Бүгіннің өзінде 260 студент оқудан шығарылды. Осындай кемшілікке жол берген және білім деңгейі төмен колледждерге рейтинг жасалып, басшыларына қызметтік тексерулер жүргізілуде. Сәйкес келмеген жағдайда заң аясында шара көріледі немесе лауазымынан босатылады. Бұған дейін ескертулер берілді. Арнайы талдаудан соң нәтижесі анықталады. Колледжерді зерделеу одан әрі күшейтіледі.
Б.Тәжібаев Түркістан облысы әкімінің орынбасары