ҮЗДІК МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН - Kemel kz
#Білім

ҮЗДІК МЕКТЕП — ГИМНАЗИЯ ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫН

Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты мектептер жаңа оқу жылына дайын. Оқушылардың жазғы демалысында білім мекемелері толығымен ағымдағы жөндеуден өткізіліп 1 қыркүйекте оқу процесін бастауға сақадай-сай әзір отыр. Айталық аудан орталығы Қажымұқан округінде орналасқан Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы өткен оқу жылын 1623 оқушымен аяқтаса биыл 1 сыныпқа 175 оқушы қабылдағалы отыр. Осылай деген мектеп-гимназия директоры Исанова Сәуле Егембердіқызының айтуынша аудандық білім бөлімі тарапынан ағымдағы жөндеу жұмыстарына қажетті барлық заттар уақытылы беріліп оқу ордасына толықтай әктеу сырлаудан өткен.

Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы өткен оқу жылында еселі жетістіктеріне сай аудан көлемінде білім көрсеткіші бойынша көш басынан көріне білді. Осылай деген мектеп директорының айтуынша өнегелі оқу ордасын 2023-2024 оқу жылында жалпы саны 92 түлек бітіріп шықса олардың ҰБТ сынағындағы нәтижелері де жоғары болған. Міне осындай жоғары нәтижелері бар білім ұясының ұжымы жаңа оқу жылында да жетістіктерді еселеуге күш сала бермек.

Ордабасы ауданы бойынша үздік білім мекемелерінің бірі болып табылатын Шоқан Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы жаңа оқу жылына сақадай-сай деуге болады.