ЕҢБЕК КҮШІ МОЛ: ТЕМІРЛАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ - Kemel kz
#Жалпы

ЕҢБЕК КҮШІ МОЛ: ТЕМІРЛАНДА АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

Биыл Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл. Осыған байланысты ауданда ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатса әсіресе абаттандыруға басымдық берілген. Айталық дәл қазіргі таңда тек аудан орталығының өзінде 6 нысан бойынша абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Соның бірі Темірлан елді мекеніне кіре берісте салынып жатқан Шәмші аллеясының» құрылысы. Бұл жобаға тапсырыс беруші Ордабасы аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі болса нысанның сметалық құны 284 млн тенгені құрайды. Аудандық бюджет есебінен салынып жатқан «Шәмші алеясында» жобаға сәйкес сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылып әсем алея биыл қазан айының ортасына қарай толықтай тапсырылады деп күтіліп отыр. Бұдан өзге Темірлан елді мекеніне кіре беріс қақпа маңында дәл қазір «Этно саяжай» құрылысы да қарқынды жүргізілу үстінде. Жобалық құны 68 млн тенгені құрайтын саяжайда ұлттық нақышта безендірілген киіз үйлер мен қосалқы құрылыстар салынып бұл орын да тұрғындар келіп демалатын әсем орынның біріне айналмақ. Бұл туралы аудандық ТҮКШ жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Ысқақов Арман Рыспайұлы мәлім етті.