ТАҒАЙЫНДАУ: ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРАДЫ - Kemel kz
#Ауыл шаруашығы #Әлеумет #Жалпы #Саясат

ТАҒАЙЫНДАУ: ЕРБҰЛАН ЖӘНІБЕКОВ  ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ  БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРАДЫ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 29-бабына,  37-бабы 3-тармағына  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан республикасы Заңының 15-бабы 7-тармағының 3) тармақшасына, 19-бабының 2-тармағына және  30- бабының 1-тармағына сәйкес, облыс әкімі Н.Көшеровтың 16.05.2025 жылғы №04-05/178 санды өкімімен Жәнібеков Ербұлан Әуелбекұлы Түркістан облысы ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы  лауазымына тағайындалды.

Жаңа басқарма басшысын Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Дауылбаев Еркебұлан Әбілханұлы ұжымға таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

Жәнібеков Ербұлан Әуелбекұлы 1988 жылы 5 наурызда Шымкент қаласында дүниеге келген. 2005-2009 жж. мен 2016-2018 жж. ветеринарлық дәрігер мен экономика  мамандығы бойынша М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Шымкент университетін тәмамдаған.

Жәнібеков Ербұлан Әуелбекұлы еңбек жолын

— 2011 жылдың қараша айынан бастап, 2015 жылдың ақпаны аралығында Шымкент аграрлық колледжінің оқытушысы;

— 2015 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың маусымына дейін, ОҚО әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы ветеринария бөлімінің бас маманы;

— 2019 жылдың маусымынан бастап, 2022 жылдың тамызына дейін Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығы бөлімінің басшысы;

— 2022 жылдың тамызынан бастап, 2024 жылдың желтоқсанына дейін Түркістан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Ветеринария саласының білікті маманы, әрі іскер ұйымдастырушы  Ербұлан Әуелбекұлының алдағы қызметіне сәттілік тілейміз! Осыған дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында бас маман лауазымынан бастап басқарма басшысының орынбасары қызметін абыройлы атқарған азамат ендігі жерде Түркістан облысының ветеринария саласындағы ауқымды жұмыстарды жүзеге асырып өзекті мәселелерді шешуге белсенді ат салысады деген сеніміміз мол.