ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ - Kemel kz
#Жалпы #Экономика

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазіргі таңда Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 175 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 91 лицензия негізінде жұмыс жасайды. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың төрағалығымен облыс аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу өтті.

Жиында облыс аумағында маркшейдермен тексерілген жер қойнауын пайдаланушылардың залал шығындарын жер қойнауын пайдаланушыларға таныстырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Облыс аумағындағы жер қойнауын бірқатар мәселелері талқыланды.

Басқосуға Түркістан облысы мамандандырылған табиғат прокуратурасы, Түркістан облысының Экология департаменті, Түркістан облысы бойынша полиция департаменті, «Оңтүстікқазжерқойнауы» Оңтүстік Қазақстан өңіраралық геология департаменті өкілдері, облыс аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылар және басқарма мамандары қатысты.

Басқарма тарапынан 2023 жылдың 10 шілдесі мен 4 қазан аралығында облыс аумағында орналасқан 100 кен орнына маркшейдер маманымен мониторинг жасалып, кен орындарына бару арқылы топосьемкалық түсірілімдер жұмыстары жүргізілген. Зерделенген 100 қойнауын пайдаланушының ішінен 74 нысаннан кемшіліктер анықталды. Оның 63-і заңды контракт және лицензиясы бар жер қойнауын пайдаланушылар.

Атап айтқанда, облыстағы Арыс, Кентау қалаларымен Сайрам, Ордабасы, Сауран, Жетісай, Шардара, Бәйдібек, Созақ, Төлеби, Келес, Сарыағаш, Түлкібас аудандарының жер қойнауын пайдаланушылардың зерделенуі тиіс барлық кен орындары қамтылып, маркшейдер маманымен бірге зерделеу жұмыстары жасалынды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі