ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ - Kemel kz
#Әлеумет

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ТҮРКИЯ МЕМЛЕКЕТІНІҢ ИНВЕСТОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗДІ

Түркістан өңіріне инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасуда. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес, Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы қолдауымен, «Turkistan Invest» ЖШС ұйымдастыруымен бір топ кәсіпкерден құралған Түркістан облысының делегациясы іссапарын Түркия мемлекетінде жалғастырды.

Іссапардың негізгі мақсаты – облысқа инвестиция тарту, екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру және жергілікті кәсіпкерлермен тәжірибе алмасу.

Алғашқы күндері Түркия мемлекетінің Ыстамбұл, Коджаэли қалаларының бизнес өкілдерімен арнайы кәсіпорындарында іскерлік кездесулер өтті. Түркиялық компания директорымен меморандумға қол қойылды. Нақтырақ айтқанда, тараптар бояуға және гидрооқшаулауға арналған жалпы өнімдерді өңірде шығаруға келісімге келді.

Іссапар барысында кондитер, шоколад және желатин өнімдерін өндіретін компания басшылығымен кездесулер өткізілуде. Сондай-ақ трансформатор зауытына қажетті қондырғы жабдықтар шығару компаниясы өкілдігімен келіссөздер жүргізілді.

Түркістандық делегацияның іссапары Түркия Республикасында ірі өндірістік кәсіпорындарын аралаумен, жаңа өндірістік технологиялармен танысумен жалғасады. Келіссөздер жүргізіліп, тиімді келісімдер жасалады деп жоспарлануда.