Солтүстіке қоныс аударып жұмыспен қамтылу тетіктері түсіндірілді - Kemel kz
#Жалпы

Солтүстіке қоныс аударып жұмыспен қамтылу тетіктері түсіндірілді

Ордабасы аудандық мансап орталығы ғимаратында «Қандастар және қоныс аударушылар орталығының» (СҚО) өкілдері «Өңіраралық қоныс аудару» бағдарламасы аясында аудан халқымен кездесу өткізді. Бұл шараның мақсаты – қоныс аудару үдерісіне қатысқысы келетін азаматтарға қажетті ақпаратты жеткізу, көші-қонға байланысты сұрақтарға жауап беру және өңіраралық қоныс аудару мүмкіндіктерін түсіндіру.
Кездесу барысында «Қандастар және қоныс аударушыларға ақпараттық-түсіндіру орталығының» директоры Әнуар Тоқпан тұрғындарға өңіраралық қоныс аударудың артықшылықтары, оның ішінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, тұрғын үй мәселелерін шешу және әлеуметтік қолдаулар алуға мүмкіндіктің бары жөнінде ақпараттандырды.
Қоғам белсендісі, «Тәуекел» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бурахан Дақанов теріскейдің климаты, ауыл шаруашылығы үшін тиімді тұстарын, сонымен қатар «Өңіраралық қоныс аудару» бағдарламасы халыққа үлкен қолдау көрсетіп, жаңа аймақтарға бейімделуіне жағдай жасалатынын да айта кетті.
Теріскейден келген өкілдері тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, солтүстік өңірлерге қоныс аударуға оңтүстік жұртын шақырды.