Сібір жарасы ауруы!!! - Kemel kz
#Ауыл шаруашығы #Әлеумет

Сібір жарасы ауруы!!!

Сібір жарасы ауруы өте кең тараған, қоздырғышы Bacillus anthracis.

✅Ресейде аурудың “Сибирская язва”аталуы Сібірде қызмет еткен дәрігерлер А.Эшке және Н.Ножевшиков (1758) адам мен малда осы дерттің ғылыми сипаттамасын беруіне байланысты болатын. Топалаңның қоздырушысын Германияда Поллендер (1849), Францияда Райне мен Давен (1850) өлген малдың қанынан тапты.

3 түрі бар:

1️⃣Терілік

2️⃣Өкпелік

3️⃣Ішекті

МІҚ, қой, жылқы, ешкі, түйе т.б шалдығады. Бұл ауру негізі алиментарлық жолмен жұғады.

Клиникалық белгілер.

✅Жануар ауыр демігеді, қалтырайды, дене қызуы 41-42 градусқа дейін көтеріледі, қан қысымының төмендеуі, қанды іш өту, құсу, қалжырап жығылады, соңы өлімге әкеледі.

Жануардың терісінде жара, ісіну болуы мүмкін. Өлген жануардың қаны қара май түсті болады, ұйымайды.

Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, өлексені көрудің нәтижелері ескеріледі және зертханалық зерттеулер жүргізу нәтижесінде қойылады.

Ажыратып балау сиырда қарасаннан, барлық жануарларда қатерлі домбығудан, пастереллезден,

пироплазмоздардан, лейкоздан, уланудан, тимпаниядан, күн өтуден және ыстық өтуден ажырату керек.

Алдын алу шаралары:

1️⃣ Белгісіз жерлерден ет сатып алмау;

2️⃣ Жануарларды союды арнайы сою пункттері мен алаңдарында жүргізу қажет.

3️⃣ Үй жануарларын сою кезінде, міндетті түрде сою алдында тексеру жүргізілгеннен кейін ветеринариялық мамандар жеке қорғаныш құралдарын (резеңке қолғап, халат) пайдалануы қажет.

4️⃣ Ауру жануарларды немесе жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты (ауру жағдайларын тіркеу кезінде) елді мекеннен тыс жерлерге әкетуге (әкелуге) үзілді-кесілді тыйым салынады.

5️⃣ Ауыл шаруашылық жануарларды сібір жарасына қарсы вакцинациялау аурудың таралуын болдырмаудың және жануарлар мен адамдарды қорғаудың тиімді әдісі.

Түркістан облысының ветеринариялық қызметі ШЖҚ МКК