Ордабасы аудандық Мансап орталығы мен аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе «Шектеусіз мүмкіндік» атты 35 жасқа дейінгі және NEET санатындағы жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді. Бұл іс-шара мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыру және олардың еңбек нарығына қолжетімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Жәрмеңкеге әртүрлі салалардағы мекемелер 40-тан астам бос жұмыс орындарын ұсынды. Аталған іс-шараға 30-ға жуық азамат қатысып, жәрмеңке нәтижесі бойынша 2 азамат тұрақты жұмысқа жолдама алды. Сонымен бірге 5 азаматша жастар практикасына құжат өткізсе, 23 азамат орталық мамандарынан бағдарламалар бойынша кеңес алды.
Бұл бастама мүмкіндігі шектеулі адамдардың өз әлеуетін жүзеге асырып, тұрақты жұмысқа орналасуына үлкен мүмкіндік береді.