ШҰБАР: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ТҰРУДЫҢ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ - Kemel kz
#Білім #Жалпы

ШҰБАР: ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫМЕН ЖҰМЫСҚА ТҰРУДЫҢ БАРЫСЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Аудандық ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен №18 колледж студенттері арасында “Жастар практикасы” мемлекеттік бағдарламасы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, үнпарақшалар таратылды.

Жастар практикасы — меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы, алдыңғы 5 (бес) жыл ішінде оқушының аяқтаған және 35 (отыз бес) жастан аспаған жұмыссыздарға арналған жобалардың бірі. Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие болады.

Жастар практикасын оқуды енді бітірген, мамандығы бойынша әлі тәжірибесі жоқ, 35 жасқа дейінгі жастар қатыса алады. Тек оқу бітіргеніне 3 жылдан аспаса болғаны.