”СЕРПІН-2050” мемлекеттік бағдарламасы бойынша университет өкілдері аудан орталығында орналасқан “А.Иманов” атындағы білім ошағының бітіруші түлектерімен кездесіп, «С.Аманжолов университетінің күндері» атты кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.
“Сәрсен Аманжолов” атындағы Шығыс Қазақстан университетінде «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында 148-ге жуық жастар 19 мамандық бойынша білім алуда, 2018-2024 жылдар аралығында 600-ден астам білім алып шыққан түлектер еліміздің барлық өңірлерінде еңбек етіп, жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура бойынша оқуын жалғастыруда.