Семей қаласындағы “ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ” атындағы Мемлекеттік Университеті оқуға шақырады. Ордабасы ауданы, Темірлан елді мекені “Темірлан” жалпы орта мектебінің бітіруші түлектерімен “Мәңгілік ел жастары — индустрияға!” – “Серпін” мемлекеттік әлеуметтік жобалары аясында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кездесу өткізілді.
“Ә.Бөкейханов” атындағы мемлекеттік университетінің Түркістан облысы бойынша өкілеттілікке жауапты мамандары Джамбулова Дина Тоқтасынқызы, Нуртазаева Зарифа, Нурмаханов Нұржан Ахтайұлы оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында еліміздегі көп сұранысқа ие жоғарғы оқу орындарының алғашқы ондығына кіретін университеттің мамандары оңтүстіктен барған жастарға жасалатын жағдайлар мен жеңілдіктер, оқытылатын мамандықтар жайында толық мағлұмат берді.