«Қош келдің – әз Наурыз!» - Kemel kz
#Білім #Жалпы

«Қош келдің – әз Наурыз!»

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №55 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 19 наурыз күні, «Қош келдің – әз Наурыз!» тақырыбында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Наурыз- бұл ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тілінен аударғанда наурыз сөзі жаңа күн деген мағынаны білдіреді. Оны барлық түркі халықтары атап өтеді.
Бұл мейрам күн мен түннің теңелген мерзімі. Қазақ елі бұл күнді «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған. Наурыз көктемнің ең көркем айларының бірі. Наурыз айын қазақ халқы ерекше құрметтейді. Себебі, наурыз қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алу мерекесі. Наурыз – көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналған.
Наурыз – бақыттың бастамасы, жақсылықтың жаршысы, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!