Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бастаған бір топ делегация Түркия мемлекетінде инвесторлармен келіссөздер жүргізді.
Ордабасы ауданына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жалғасты. Іссапар барысында ірі өндіріс орындарын аралап, инвесторлармен кездесулер өткізді.
Олардың қатарында әлемдік алпауыт кәсіпорындар да бар.
Соның бірі Стамбул қаласындағы «Soft Roll» компаниясының айналым қаражаты жылына 150 млрд евроны құрайтын наждак лентасы, кескіш диск өнімдерін шығаратын зауыт жұмысымен танысты. Негізгі шикізаты боксит, кварц құмы, мұнай қалдықтарынан алынатын арнайы қоспа. Компанияның шығарылған өнімі дүние жүзіне экспортқа шығады.
Сонымен қатар 27 қараша күні Маниса қаласында сүт және өзге де дайын өнімдерді салатын полиэтиленнен әзірленетін арнайы ыдыс шығаратын компаниясында болып, инвестор ретінде облысқа оның ішінде Ордабасы ауданына келіп өз қаржысын
салатын, жеке инвестормен аудан әкімі Азат Оралбаев компания басшылығымен екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Сондай-ақ 28 қараша күні Бурса қаласында Түркістан облысынан барған делегация құрамы “BURSA DERI OSB” компанисында ірі қара мал терісін өңдеумен айналысатын ассосация төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен басқосу өткізді. ІҚМ терісін өңдеп қана қоймай терең өңдеу арқылы қолғап, аяқ киім, қол сөмкелерін шығарады.
Түркістан облысы оның ішінде Ордабасы, Сайрам аудандарының жобаны қолға алу ниеті бар екенін және инвесторға берілетін мүмкіндіктер мен көрсетілетін сүйемелдеу жөнінде айтылды.
Іс сапарда құрылыс бетон өнімдерін өндіруші “KAPRA”компаниясымен бірлесіп жұмыс жүргізу мақсатында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Сонымен бірге Ордабасы ауданы мен Стамбул, Маниса, Бурса қалаларының кәсіпкерлік сала өкілдері арасында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.
Келіссөздер жүргізіліп маңызды келісімдер жасалды.