ОРДАБАСЫДА СОЛТҮСТІК ӨҢІР ӨКІЛДЕРІМЕН ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ - Kemel kz
#Ауыл шаруашығы #Әлеумет

ОРДАБАСЫДА СОЛТҮСТІК ӨҢІР ӨКІЛДЕРІМЕН ҚОНЫС АУДАРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Аудандық жастар орталығындағы «Жастар сарайында» еңбек күшін қажет ететін солтүстік өңірлерге халқы тығыз орналасқан оңтүстік аймақтарынан азаматтарды ерікті түрде көшіру жұмыстары бойынша Ордабасы тұрғындарымен кездесу өтті.

Аудан тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлютка ауданының потенциалы көрсетілген бейнероликпен танысты. Делегация мүшелері Солтүстік Қазақстан облыстық «Еңбек мобильділігі орталығының» директоры Төрегелдин Аман Жақсыбайұлы мен Павлодар аудандық Мансап орталығының директоры Тұрлыбаева Нұрсулу Жуматаевна және Баянауыл аудандық Мансап орталығының директоры Сағынтаев Таңат Қайратұлы аудан тұрғындарын солтүстік өңірлерге қоныстануға шақырды.

Іс-шараға 100-ден астам адам қатысып, қоныс аударуға кеңес алғандар саны 23 азамат, көшуге ниет білдіргендер саны 6 отбасы болды.

«Ұлы көш» қоғамының төрағасы, Түркістан облыстық маслихатының депутаты Ағабеков Жаңабай Молдабайұлы жерлестерін солтүстікке қажетті жұмыс күш қатарын толықтыруға насихаттады.

Айта кетсек, халық қалаулысы солтүстікке көші-қон бойынша 2016 жылдан бері ерікті түрде айналысып, көшуге ниетті азаматтарды сол өңірлерге апарып таныстырумен де айналысып келеді.

Кездесу соңында тұрғындар қоныс аудару бойынша кеңестер алып, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.