ОРДАБАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ - Kemel kz
#Жалпы

ОРДАБАСЫ: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың қатысуымен өткен жиында әлеуметтік қызметкерлер күні атап өтілді. Шара барысында әлеуметтік саладағы халық игілігі үшін қажырлы еңбек етіп жүрген мамандарға құрмет көрсетілді.

Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратов әлеуметтік сала мамандарына жылы лебізін білдіріп, болашақтағы еңбектеріне сәттілік тіледі. Өз кезегінде жиынға қатысушылар да бұл саланың маңыздылығын атап өтіп, осындай құрметтің қызметкерлердің кәсіби рухын арттыратынын және алдағы уақытта да халыққа адал қызмет ететіндіктерін жеткізді.

Мерекеде бірқатар үздік мамандарды арнайы аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Бұл мереке әлеуметтік қызметкерлердің қоғамдағы рөлін және олардың атқаратын қызметінің маңыздылығын көрсетті.