Мансап орталығының директоры Д.Абдихайымов аудан әкімінің кезекті аппарат мәжілісінде 9 айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы, бөлімдер мен мекеме басшылары және ауыл округтерінің әкімдері қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде «Ауданның 60 жылдық» іс-шарасын өткізу жоспары туралы, «Алтын күз-2024» іс-шарасын өткізу, күзгі тал егу, «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» орындалуы туралы және өзге де өзекті мәселелер қаралды.
Бірінші, екінші мәселелер бойынша аудан әкімінің орынбасарлары М.Ақмұратов, Қ.Сейітқұл ауданның 60 жылдығы, «Алтын күз-2024» іс-шарасын өткізу бойынша баяндама жасады.
Үшінші мәселені аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы А.Искаков күзгі тал егу және абоненттерді табиғи газ жүйесіне қосу барысы туралы айтты.
Келесі кезекте Ордабасы аудандық «Мансап орталығының» басшысы Абдыхайымов Дынислам «Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» орындалуы туралы 9 айдың қорытындысы бойынша баяндады.
Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тапсырылған жұмыстарды жандандыру керектігін айтып, мәжілісті қорытындылады.