Облыста “Еңбек мобильділігі” орталығының филиалдары “Мансап орталығы” атауымен өз жұмыстарын бастағанына көп уақыт болмаса да онда жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Аталмыш орталық облыс тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек бағытында қызмет көрсетіп, жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі. Бұдан бөлек, қазіргі таңда “Мансап” орталығының 6 бөлімі халыққа үздіксіз қызмет етуде. Бұл ретте Ордабасы ауланының Мансап орталығының жұмысымен жақынырақ танысқан болатынбыз.
“Мансап” орталығы айына бір рет “бос жұмыс орындары” жәрмеңкесін ұйымдастырып тұрады. Ал “Ұлттық жоба” шеңберінде бір қатар азаматтар екі қолға бір күрек тауып, жұмыспен қамтылған дейді Ордабасы аудандық Мансап Орталығының директоры Дінислам Бақытжанұлы
Мансап орталықтары мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру бағытында жұмыс берушілермен өзара байланыс жасайды. Сондай-ақ, атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдесіп, белсенді шараларын жүзеге асырады.