ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН АШУ МАҢЫЗДЫ: «ШАҒЫН ӨНЕРКӘСІПТІК ПАРК» АУМАҒЫНДА 8 ЗАУЫТ ПЕН КӘСІПОРЫН АШЫЛДЫ
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістандағы көшпелі баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мәлімдеді.Түркістан облысында алғаш рет «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы жүзеге асырылуда. – Әлемдегі экономикасы дамыған алпауыт мемлекеттердің тарихына қарасаңыз, өркениетке жету жолы өндірістен басталған. Егер біз де салаға серпін беретін заманауи кәсіпорындарды құра алсақ, экономикалық тәуелсіздікті де бекіте түсеміз. Ең бастысы сол […]