Жазылымдар - Kemel kz - Page 22

АРЫС ФУТБОЛ КЛУБЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТҚА ДА БАУЛИДЫ

Бұған дейін футболдан талай талантты жастарды тәрбиелеп шығарып бірнеше мәрте облыстық спартакиаданың  жеңімпазы атанған  Арыс футбол клубы ендігі жерде ұлттық спортты дамытумен де айналысатын болады. Яғни жасөспірім аяқдоп шеберлерін шыңдап келе жатқан  бұл ұжым қазіргі таңда  «Арыс футбол және ұлттық спорт клубы» деп аталады. Ал аталмыш жетістігі мол ұжымға тәжірибелі жаттықтырушы, іскер маман Медетбеков Ерғазы […]

ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУДЫҢ БАРЫСЫ ҚАНДАЙ?

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ «ОҢТҮСТІК ЖОЛДАРЫ» МКК САЙРАМ АУДАНДЫҚ УЧАСКЕСІ БОЙЫНША ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАРТУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ Дәл қазір еліміздің бірқатар облыстарында ызғарлы қыс маусымы қаһарына мініп тұр. Яғни ақпан айының аяғында Түркістан облысында да күн райы күрт суытып  қалың қар қар түсіп үлгерді. Бұл ретте облыстық маңызға ие жолдарды қардан […]

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ҚАР ТАЗАЛАУҒА 12 ТЕХНИКА, 200-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Түркістанда тұрғындар мен қонақтарға қардан қолайсыздық туындамауы үшін тазалық мекемесінің қызметкерлері бүгін түнгі сағат 2-ден қар күреу жұмыстарына шықты. Қазіргі таңда жұмылдырылған жалпы 12 техника негізгі үлкен жолдар мен аяқжолдарды қардан тазалап, құм мен тұз себуде. Сонымен қатар 200-ге жуық астам адам қала аумағында қар күреп, тазалықпен айналысуда. Аталған техникалар мен жұмысшы күші алдымен орталық […]

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 3 ЖЫЛДА АУЫЗ СУ, ГАЗ ЖӘНЕ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТУ БОЙЫНША 500-ДЕН АСТАМ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

Түркістан облысында елді мекендерді инфрақұрылыммен қамту критерийлері жасалды. Ең алдымен мүлдем су, газ құбыры жоқ ауылдардың мәселесін шешуге басымдық беріледі. Сонымен бірге су көздерін барлау жұмыстары назарға алынады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін реттеу жөніндегі жиналыста облыс әкімі Дархан Сатыбалды жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. – Жоспарсыз әзірленген жобалар көп. Бірқатарының жобалық-сметалық құжаттары ескірген. Қаржы көлемі өзгерген. […]

ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ЖЕР ТЕЛІМДЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінде қызметтік жиналыс өтті. Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы өкілдерімен өткізілген жиналыста мемлекеттік шекара бойындағы 100 метрлік жер телімдерін ҰҚК Шекара қызметіне бөлуді қарастыру сұрағы басты назарда болды. Бүгінде облыс аумағындағы мемлекеттік шекараның бойындағы 100 метрлік шекара жолағының біркелкі еместігі шекарашылардың қызметіне кедергі келтіруде. ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы […]

ОРДАБАСЫДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫМЕН КӘСІП БАСТАҒАНДАРДЫҢ САНЫ АРТУДА

2023 жылы Ордабасы ауданында “Ауыл аманаты” бағдарламасы Бадам, Бөржар, Шұбар және Қараспан ауылдық округтерінде өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары, ауылшаруашылық өндірістік коперативтерін жабдықтау және өз кәсібін жаңғырту бағыттарында жүзеге асырылды. Ауыл тұрғындарының табысын арттыруға бағытталған жобаға аталған ауыл округтерден 359 құжат өткізіліп, 261-і мақұлданған. Мысалы, өсімдік шаруашылығы бойынша 131,5 млн теңгеге 18 жобаға қолдау білдірілсе, […]

Дархан Сатыбалды Сарапхана ауылдық емханасының жағдайымен танысты

Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Бұған дейін облыс әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауларында Сарапхана ауылдық емханасының мәселесі көтерілген болатын. Жергілікті тұрғындар емхананың тозығы жеткенін алға тартып, соны реттеу мәселесін айтқан. Осыған орай облыс басшысы аудан орталығынан 16 шақырым қашықтықта орналасқан Сарапхана ауылдық емханасына арнайы барып, жәй-күйімен танысты. Медицина […]