Жазылымдар - Kemel kz - Page 21

Олжас Бектенов Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің тарихи келбетін сақтаудың маңыздылығын атап өтті

Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Мемлекет басшысының сәулет өнерінің жарқын үлгісі әрі ЮНЕСКО-ның әлемдік мәдениеттің бірегей мұрасын сақтау ісі жөніндегі тапсырмасының орындалу барысымен танысты. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – Түркістанның сәулет-тарихи кешенінің бірі, оған жыл сайын 1 млн-нан астам адам келіп, зиярат етеді. Кесененің тиісті жай-күйін […]

Олжас Бектенов Түркістан облысындағы су құрылыстарын реконструкциялау қарқыны және АӨК-ті дамыту шараларымен танысты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов Түркістан облысының су инфрақұрылымы объектілеріне барып, өңірдің гидротехникалық құрылыстарын жаңғырту барысымен танысты, сондай-ақ АӨК-ті дамыту шаралары туралы есепті тыңдады. Тұран Су кəсіпорнында облыс аумағындағы су объектілерін күрделі жөндеу мəселесіне назар аударылды. Кəсіпорынның балансында 18 су қоймасы, 3 су торабы, 3 магистральдық жəне 103 шаруашылықаралық канал бар. Үкімет басшысына Түркістан облысындағы […]

ТӨЛЕБИ: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАДЫ

Бекітілген кестеге сәйкес, Төлеби ауданының әкімі Төлеген Телғараев тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауда аудан басшысы тұрғындардың көкейлерінде мазалаған сұрақтар мен туындаған мәселелерін шешу мақсатында мұң-мұқтажын тыңдап, ұсыныс пікірлерін назарға алды. Шымкент қаласының тұрғыны Е.Мейрбеков Алатау ауылдық округіндегі жер учаскесіне қатысты туындаған мәселелерге тиісті заң органдарының шешімі шыққанын, учаскені босатып, мемлекет меншігіне қайтару ісінде туындаған […]

2024 жылға жоспарланған ветеринариялық профилактикалық-диагностикалық іс-шаралар.

Қазақ халқы ерте заманнан мал өсіруді, көбейтуді және оларды әртүрлі аурулардан сақтауды жақсы меңгерген десе қате айтқандық емес. Малдың етін, сүтін, жүнін күнделікті тұрмыс тіршілігінің қажетіне жаратқан. Қазіргі таңда мемлекет тарапынан осы ветеринария саласына үлкен мән беруде. Бұған дәлел Президент Қ.К. Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ветеринария саласына реформа жасап, дамытуға күш салуды айрықша назар […]

«САМАРҚАНД – ТҮРКІСТАН» БАҒЫТЫНДАҒЫ ӘУЕ РЕЙСІ 15 НАУРЫЗДАН БАСТАП ҚАТЫНАЙДЫ

Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» халықаралық әуежайы және «QAZAQ AIR» әуекомпаниясының өкілдерімен жүргізген келіссөздердің нәтижесінде 15 наурыздан бастап «Самарқанд – Түркістан» әуе рейсі ашылады. Айта кетейік, рейстер аптасына 2 рет жұма және жексенбі күндері заманауи, ыңғайлы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе лайнерлерімен орындалады. Осы тақырыпты талқылау мақсатында Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар […]

МИНИСТР ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕГІ СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ ЖҰМЫСТАРЫН ОҢ БАҒАЛАДЫ

Түркістан облысында Мемлекет басшысының су үнемдеу технологияларының көлемін арттыру тапсырмасын жоғарғы деңгейде орындауға толық мүмкіндік бар. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың Түркістан облысына іссапары барысында су шаруашылығының проблемалары және су үнемдеу технологиясын енгізу мәселесі жөнінде өткізген мәжілісте айтылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жүргізген жиналысқа ауыл шаруашылығы құрылымдары басшылары, аудан, […]

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 540 МЛРД. ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ТҮСІМІ ТҮСКЕН

Түркістан облысында былтыр 537,6 млрд. теңге салық түсімі түскен. Нәтижесінде өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда 137%-ды құраған. Оның 388,5 миллиарды — Республикалық бюджетке түссе, 149,1 миллиард теңге — жергілікті бюджетке тиесілі. Бұл жайында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді. — Соңғы жылдары экономикамыз өсіп, облысымыз өркендеп келе жатқандығы — салықтық […]

ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА 2 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАМТЫЛАДЫ

ТҮРКІСТАН: КӨКТЕМГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ НАУҚАНЫНДА 2 400-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ ҚАМТЫЛАДЫ Бұл туралы брифингте Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығының орынбасары Жандос Күлдербаев мәлімдеді. «Бүгінде көктемгі әскерге шақыру жұмыстары басталып, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Биыл жалпы өңірден 2 400-ге жуық азамат әскерге шақырту алады. Оның ішінде Қарулы күштер қызметіне — 1 000, шекара қызметіне — 400-ге […]

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫС АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Қазіргі таңда Түркістан облысында кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін 175 жер қойнауын пайдаланушы бар. Олар 84 келісімшарт және 91 лицензия негізінде жұмыс жасайды. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Нұржігіт Мырзахметовтың төрағалығымен облыс аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылармен кездесу өтті. Жиында облыс аумағында маркшейдермен тексерілген жер қойнауын пайдаланушылардың залал шығындарын жер қойнауын пайдаланушыларға таныстырылып, түсіндірме […]

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАҢА МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН АШЫЛДЫ

Отырар ауданы, Қоғам ауыл округіне қарасты Талапты ауылында заманауи медициналық нысан ел игілігіне берілді. Медициналық нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Сәкен Сұлтанханов пен Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Салтанат Жабағиева қатысып, тұрғындарды құттықтады. Салтанатты шарада ауыл қариясы Сыздық Одаманов ауыл тұрғындары атынан шынайы алғысын айтып, ақ батасын берді. Жалпы Талапты ауылындағы бір ауысымда […]