“ЖАСЫЛ ЕЛ” ЖАСТАР ЕҢБЕК ЖАСАҒЫНЫҢ ЕҢБЕК МАУСЫМЫ БАСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны Ордабасы ауданында тұрақты жүргізіліп келеді. Осы шара аясында ауданда «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алғашқы маусымы басталды. Іс-шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әділ Ысқақ, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қашқынбай Лесбек сөз сөйлеп «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алғашқы маусымының ашылуымен құттықтады. Олар еңбекқор жастарды ауданның […]