Жазылымдар - Kemel kz - Page 10

АУДАН ӘКІМІ ЕҢБЕКҚОР БӨГЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес Бөген ауылдық округінің халқымен кездесіп, жыл басынан бері атқарылған және бөгендіктер тарапынан өткен есепті кездесуде айтылған ұсыныс-пікірлердің орындалуы бойынша баяндама жасады.Кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, қазыналы қариялар, ауыл белсенділері мен тұрғындары қатысты.Өздеріңізбен өткен алдыңғы есепті кездесулерде 2 мәселе көтеріліп, өз […]

ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 105 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖАҢА ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛҒАН

Түркістан облысында биыл «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 118 мыңнан астам жұмыс орнын ашу жоспарланып, қазіргі таңда 104 635 жұмыс орны құрылды. Өңір тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында жыл басынан бері атқарылған жұмыстар, кемшіліктер мен өзге де түйткілді мәселелер Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен жиында талқыланды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар […]

2024 жылғы 1 қарашада 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді

2024 жылғы 1 қарашада 76 мың отбасындағы 403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Биыл осы мақсатқа бюджеттен 54,7 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. АӘК-нің негізгі мақсаты – ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын […]

ТЕҢ МҮМКІНДІКТЕР

Мемлекет басшысы барлық азаматқа тең мүмкіндіктер беру арқылы Әділетті мемлекетті құратынымызды айтқан болатын. Осы орайда, Қазақстан Республикасының Президенті: «Біз ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бірдей мүмкіндік жасауға міндеттіміз. Мен бұл туралы өзімнің сайлауалды бағдарламамда айттым. Қазақстанда ешкімнің құқығы шектелмеуі керек», — деп нақты атап көрсетті. «AMANAT» партиясы әлеуметтік әділдікті заң жүзінде бекітіп, іс жүзінде қалпына […]

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАҒА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысында кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес, әлеуметтік саладағы кемшіліктерді жою бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Әлеуметтік салаға бөлінген қаржыны өз мақсатында тиімді жұмсау, «бармақ басты, көз қысты» әрекеттердің жолын кесу үшін мониторингтер мен тексерулер жүргізілуде. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, осы бағыттағы жұмыстар талқыланды. Жауапты басқарма мен мекеме басшысының есептері тыңдалды. 2024 жылдың […]

ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ҚОЛДАУҒА ИЕ

Елімізде жыл сайын қазан айының екінші жексенбісі мүгедектігі бар адамдар күні ретінде белгіленген. Бүгін Түркістан қаласында әлеуметтік қорғау саласы бойынша мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев арнайы қатысты. Мәжіліске салаға жауапты департамент және басқарма басшылары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жетекшілері, мүгедектер ісі жөніндегі облыс, аудан және қала әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері […]

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 200 ОРЫНДЫҚ «САМҒАУ» ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысында 100 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан тұрады. Бұл облыс халқының 5%-ын құрайды. Оның 40 мыңнан астамы әлеуметтік оңалту қызметіне мұқтаж. Бұл мәселе облыс басшылығының қолдауымен шешімін тауып келеді. Осы орайда Сауран ауданында 25 қазан – Республика күніне орай 200 орындық заманауи оңалту орталығы ашылды. Ашылу салтанатына облыс әкімі Дархан Сатыбалды, маслихат депутаттары, зиялы […]

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 1200-ГЕ ЖУЫҚ АЗАМАТ СОЛТҮСТІККЕ ҚОНЫС АУДАРҒАН

Солтүстік Қазақстан облысына еліміздің еңбек күші артық өңірлерінен қоныс аударушыларды қабылдау бойынша іс-шаралар жүйелі іске асып келеді. Мәселен биыл жыл басынан теріскей өңірге Түркістан облысынан 300-ге жуық отбасы, 1200-ге тарта азамат қоныс аударған. Бұл туралы брифингте Қандастар мен қоныс аударушыларға арналған ақпараттық-түсіндіру орталығының жетекшісі Әнуар Бердібекұлы мәлімдеді. «2024 жылы қандастар мен қоныс аударушылардың отбасыларын орналастыру […]

СОЛТҮСТІК ӨҢІРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРУШЫ АЗАМАТТАРҒА ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Елімізде соңғы жылдары Солтүстікке көш жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Биыл республика бойынша 7050 квота бөлініп, қандастар мен қоныс аударушылар үшін мемлекеттік қолдау көрсететін 7 облыс белгіленді. Соның ішінде биылғы 9 айда Түркістан өңірінен 300-дей отбасы, яғни 1200-ге жуық жан қоныс аударған. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы келген өкілдермен облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кездесті. […]

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КЕДЕЙЛІК ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ ШАРАЛАРЫ БЕЛСЕНДІ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды кедейлік деңгейін 5,5%-дан асырмау және осы бағыттағы жұмыстарды күшейту жөнінде тапсырма жүктеген болатын. Қабылданған шаралардың нәтижесiнде жыл соңына дейін табысы кедейлiк шегiнен төмен тұратын азаматтардың санын 2023 жылмен салыстырғанда 25%-ға азайту жоспарланып отыр. Жалпы облыс көлемінде аз қамтылған отбасылардың табысын арттыру және өмір сүру деңгейін жақсарту жолында жұмыстар атқарылып, әлеуметтік […]