Ордабасы ауданына қарасты Бадам ауылдық округінің құрамына 6 елді мекен қараса мұндағы халық саны 16 мыңнан асады. Аудандағы әлеуметтік маңызы зор әрі өндіріс орындары көптеп шоғырланған округте атқарылып жатқан жұмыстар көлемі ауқымды. Яғни елді мекендерде топырақ жолдар мәселесі толығымен өз шешімін тауып жатса, аймақта 6 бірдей балалар ойын алаңшалары пайдалануға берілген. Бұдан өзге Бадам ауылында жуырда 250 орынға шақталған спорт кешенінің де құрылысы аяқталып пайдалануға тапсырылады деп күтіліп отыр. Сонымен бірге дәл қазіргі таңда округке қарасты Ақбұлақ елді мекенінде 300 орынға шақталған жайлы мектептің құрылысы қарқынды жүру үстінде. Ең бастысы өндірісі өркендеген ауылда өз жұмысын бастаған жаңа кәсіпорындар есебінен жаңа жұмыс орындары ашылған. Ал ауыл шаруашылығы саласы бойынша өткен жылдың қорытындысымен Бадам ауылдық округі 2-ші орыннан көрінген болатын. Осы орайда ауыл әкімі Байбахов Нұрлан Пернеханұлымен арнайы сұхбаттасқан болатынбыз.