Ордабасы аудандық ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары тарапынан жастарға мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді.
Іс-шараның мақсаты — жастарға мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы және мамандық таңдау бойынша кеңес беріп жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беруге дайындау туралы ақпарат беру болып табылады.
Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі. Жастарды еңбекпен қамтитын түрлі шаралар, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жастарға қолайлы мүмкіндіктер алаңы ашылуда. Білім алып, белгілі бір маман иесі атанған және өз кәсібін ашып шаруасын ілгері жылжытуға ниеттенген жастар үшін мемлекеттік бағдарламалардың тиімді тұстары мол болмақ.