«МЕКТЕПКЕ ЛИЦЕЙ СТАТУСЫН АЛУ НЕГІЗГІ ЖОСПАР» НҰРБОЛ ЖАНАКОВ - Kemel kz
#Білім

«МЕКТЕПКЕ ЛИЦЕЙ СТАТУСЫН АЛУ НЕГІЗГІ ЖОСПАР» НҰРБОЛ ЖАНАКОВ

Таяуда білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы жобасының алғашқы кезеңі аяқталып үздіктері анықталды. Аталмыш жобаны мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Оқу-ағарту министрлігі Президенттік Жастар кадрлық резервінің үлгісі бойынша білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігін әзірлеу бойынша жүзеге асырған болатын. Былтыр бұл жоба пилоттық режимде іске қосылды.

Міне осы бір білім саласындағы маңызды жобаға Шымкент қаласы мектептерінен қатысқан үміткерлер арасынан өз білімдерін дәлелдеп шықан 20 маман министрліктің арнайы сертификатына ие болған. Ал сол кадр резервіне алынған үздіктердің бесеуі конкурссыз жуырда қаламыздағы  білім мекемелеріне басшы болып тағайындалды.  Солардың бірі Жанақов Нұрбол Сейітбекұлы Сайрам тұрғын алабында орналасқан Зиямат Хусанов атындағы №110 ЖОББ мектебінің директоры атанды.

Білім берудегі өзгерістер көшбасшыларын іріктеу бес кезең бойынша жүргізілген. Бірінші кезеңде үміткерлер құзыреттілікті бағалауға тестілеуден, екінші кезеңде – оқуға жіберіліп, үшінші кезеңде – елдің жетекші мектептерінде тағылымдамадан, төртінші кезеңде – қорытынды бағалау рәсімінен және бесінші кезеңде – министрлік жанындағы комиссиямен әңгімелесуден өткен. Осы бір білім сынақтарынан сүрінбей өткен тәжірибелі маман Нұрбол Сейітбекұлы ендігі жерде өзі басшылыққа тағайындалған мектептің жетістігін еселей түсуге бекініп отыр.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ З.ХУСАНОВ АТЫНДАҒЫ №110 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ ЖАҢА ДИРЕКТОРЫ ЖАНАКОВ НҰРБОЛ СЕЙІТБЕКҰЛЫ СҰХБАТТА