Қазан айы «ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ» облыстық өнер фестивалі аясында Түркістан қаласында Ордабасы ауданының мәдениет күндерімен басталды. Екі күнге созылған Этноауылда ұлттық құндылықтар насихатталып, спорт түрінен сайыстар, атап айтқанда арқан тартыс, асық ату, қазақша күрес, бөрене көтеру, тоғыз құмалақ секілді ұлттық ойындар дәріптелді.
Аталған іс-шараға Ордабасы аудандық мансап орталығының қызметкерлері де атсалысты. Мемлекеттен қайтарымсыз грант алып, кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлеріміз қолөнер шеберлерінің көрмесін көпшілік назарына көрсетіп, «Ордабасы тартулары» атты ұлттық тағамдар көрмесін ұсынды.
Мерекелік шарада көрермендер «Темірлан» халық театры мен «Жас толқын» балалар мен жасөспірімдер театры Алтыбақан маңында «Ақ сүйек» театрландырылған қойылымын, сонымен қатар, Ордабасы аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Ордабасы» фольклорлық халық ансамблі өнерпаздарының әндерін тамашалады.