«Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру» мамандығы бойынша білім алған Ернар Олжасұлы Бекетов бүгінде өз саласының үздік маманы болып еңбек етуде.
Ол еңбек жолын ЖАҰСО мекемесінде тәжірибеден бастаған.
2 айдан аса уақыт бойы осы мекемеде мол тәжірибе алған.
Зерек жас сол уақыттарда тәлімгерлерінен көптеген кәсіби дағдылар мен білімдер алып, қазіргі әріптестерімен бірге жұмыс істеу барысында жаңа нәрселерді үйренеді.
Ол бір күні лабораторияда қалып сынақ жүргізсе, келесі күні жолға шығып, сынама алып тексерістер жасап, жұмысының қыр-сырына қаныға бастайды.
Қазіргі уақытта Ернар «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК ШҚФ лаборант ретінде жұмыс істейді. Жұмыс барысында, мекеме қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында түрлі оқуларға жіберіліп, өз білімін жетілдіруде.
Жалпы, Ернардың жұмысы өзіне ұнайды, себебі ол жол саласындағы ақауларды анықтап, еліміздің жолдарының сапасын жақсартуға тікелей үлес қосып келе жатқанын мақтан тұтады.