ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ШҰБАР АУЫЛЫНДА ОРНАЛАСҚАН №18 КОЛЛЕДЖ МКҚК КӘСІПТІК МАМАНДЫҚТАРҒА ҚАЖЕТТІ ЗАМАНАУ ЖАБДЫҚТАР ЖӘНЕ ТЕХНИКАМЕН ҚАМТЫЛДЫ
Ордабасы ауданының Шұбар ауылында орналасқан 65 жылдық тарихы бар №18 колледжі аймақта кәсіптік техникалық маман иелерін даярлайтын бірегей оқу орны. Мұнда бүгінгі таңда 5 мамандық және 8 біліктілік бойынша жалпы саны 461 студент білім алып жатса кәсіптік оқу ордасы былтыр жыл соңына қарай қажетті заманауи жабдықтармен толықтырылған. Айталық колледждің 14 кабинеті интернет желісіне қосылған интерактивті панельдермен жабдықталса, бұл өз кезегінде оқу процесіне оң әсерін тигізіп отыр. Сонымен бірге кәсіптік білім ордасында есептеу техникасы және және ақпараттық желілер мамандығы бойынша білім алатын студенттер үшін арнайы компьютер сыныптары жұмыс жасайды. Бүгінгі заман талабына сай бұл мамандықты бітірген жастарға еңбек нарығында сұраныс та жоғары.
Түркістан облыстық білім басқармасына қарасты №18 коллежінде оқытылатын жоғары сұранысқа ие кәсіптің бірі тамақтандыруды ұйымдастыру яғни аспаз мамандығы. Мұнда білім алушылар мамандыққа қосымша кондитер ісі біліктілігін де меңгеріп шығады. Ол үшін теориялық және практикалық сабақтар арқылы мұнда аспаздық өнердің қыр-сыры жан-жақты үйретілсе, қажетті жабдықтармен қамтылған зертханалық кбинеттер толыққанды жұмыс жасайды. Ал бітіруші мамандарды колледжден соң тұрақты жұмыспен қамту бағытында оқу орны аудан көлеміндегі көптеген жұмыс беруші мекемелермен әлеуметтік әріптестік орнатқан.
Сапалы әрі сұранысқа ие мамандар даярлау ісіне басымдық беріп жұмыс жасап жатқан колледжде студенттер шәкіртақымен және ыстық тамақпен қамтылған. Ол үшін мекеменің 120 орынға шақталған асханасы бар. Мұнда шалғай ауылдардан келіп оқитын яғни колледж жатақханасында тұратын студенттер үшін күніне 4 мезгіл ыстық тамақ берілсе жергілікті жерде тұратын ауыл балалары бір мезгіл тамақтандырылады. Ең бастысы жуырда асханаға жаңадан арнайы нан жабатын пеш алынған. Нәтижесінде аспаз мамандығында оқитын студенттер нан жабуды да меңгеріп жатса әрі бұл күнделікті нанға деген қажеттілікті өздерінде шығаруға мүмкіндік туғызып отыр. Айта кетсек мұнда қазір күніне 150-160 дана нан жабылады.
Кәсіптік колледжде білім алатын ауыл жастары үшін тасымал қарастырылса бұл бағытта былтыр оқу ордасына су жаңа микроавтобус та алынған. Нәтижесінде жаңа көлік студенттерді тасымалдаудан өзге Ордабасы ауданындағы білім мекемелерінің 9 және 11 сынып бітірген жастарын колледжге әкеліп оқу орнының мүмкіндіктерімен таныстыруға да оң септігін тигізіп отыр.
Мекемеде автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету бойынша студенттер автослесарь мамандығын меңгеріп шыға алады. Бұдан өзге Ордабасы ауданы ауыл шаруашылыңына бейім аймақ болғандықтан осы салаға қажетті мамандар даярлауға да басымдық берілген. Айталық мұнда жастар ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығына сәйкес қосымша тракторист-машинист біліктіліктерін меңгеріп қана қоймай ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеуді де жан-жақты үйренулеріне мүмкіндік жасалған. Сонымен бірге сұранысқа ие дәнекерлеуші мамандарын даярлайтын кәсіптік колледждің өндірістік базасы мамандықтарға қажетті жаңа заманауи құрылғылармен толықтырылған.
Шқбар ауылындағы №18 колледжде шалғай ауылдардан келіп білім алатын жастар үшін арнайы жатақхана да бар. 120 орынға шақталған бұл ғимаратта студенттердің бос уақыттарын тиімді өткізуге арналған орындар мен жатын орындар, кітапхана теледидар қарауға арналған орындар қарастырылған. Ең бастысы былтыр жатақхана есіктері толықтай жаңасына алмастырылып бөлмелерге қажетті жиһаздар орнатылған. Мұнда арнайы жуыну және кір жуу орындарымен бірге жатақхана ішінде медпункт та жұмыс жасайды.
Заман талабына сай техника тілін меңгеріп белгілі бір кәсіптің маманы атанғысы келген жастарды Ордабасы ауданының Шұбар елді мекенінде орналасқан №18 колледжі оқуға шақырады. Ал мұнда білім алып кәсіп түрін меңгеруге студенттер 9 және 11 сынып негіздерінде қабылданады.