Ақпан айының 1 күні Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты «Сайрам» тұрғын алабында орналасқан №124 жалпы орта білім беретін мектебіне жаңа басшы тағайындалды. Ол білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы жобасынан сүрінбей өтіп кадр резервіне алынған үздіктердің бірі Мусабеков Самад Авезханұлы болатын. Еңбек жолын мұғалім болып бастаған білікті педагог осы тағайындауға дейін 9 жылға жуық уақыт білім мекемелерінде директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін абыройлы атқарып келген.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ №124 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ САМАД МУСАБЕКОВ СҰХБАТТА