АҒЫН СУМЕН ҚАМТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР - Kemel kz
#Ауыл шаруашығы

АҒЫН СУМЕН ҚАМТУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңірде егістік алқаптарын ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып келеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығына бейім Шардара ауданында да ауқымды жұмыстар қолға алынып отыр. Яғни облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының тапсырысы негізінде «Тұран су» МКК  қазіргі таңда ауданның 6 бірдей ауыл округінде жалпы ұзындығы 958 шақырымнан  астам қашыртқыларға механикалық тазарту жұмыстарын жүргізуде. Себебі аймақта шаруаралық қашыртқылар 30-40 жылдан бері тазаланбаған. Салдарынан егістік алқаптардың өнімділігі төмендеп су арналарын қамыс басқан болатын. Міне осы мәселеге байланысты былтыр желтоқсан айында тиісті жұмыстар басталып «Тұран су» мекемесі тарапынан  24 техника мен 43 жұмысшы қарқынды еңбек етуде. Нәтижесінде биылғы егістікке су беру науқанына дейін қашыртқыларды тазарту жұмыстары толық аяқталады деп жоспарланып отырса бұл өз  кезегінде 27 мың гектарға жуық егістік жердің сумен қамтамасыз етілуін  жақсартуға өз септігін тигізбек. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы аймаққа аранайы келіп су қашыртқыларын тазарту жұмыстарының барысымен жан-жақты танысты.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНА ҚАРАСТЫ «ТҰРАН СУ» ШЖҚ МКК ШАРДАРА АУДАНЫНДА АҒЫН СУ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДА