ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ АЛУ - Kemel kz
#Жалпы

ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫН МІНДЕТТІ ЕСЕПКЕ АЛУ

Әр азамат өзінің иелігіндегі ит-мысығын есепке қоюға міндетті.Аталған қызмет ветеринар мамандары тарапынан ақылы негізде жүргізілетін болады.

Чип салу бізге не үшін қажет? Чип салу жануарларға неғұрлым жауапкершілікпен қарауға септігін тигізеді және қаңғыбас иттер мен мысықтарға қатысты мәселені шешуі мүмкін. Иесі жануар үшін жауапты, ол жануар қоғамға қауіпті болмайтындай жағдай жасауға міндетті.

Чип салу – арнайы чиптерді қолдана отырып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі. Чипті жануарға енгізу ауыртпай жасалатын процедура.

Бірдейлендірудің заманауи әдістері мыналарды қамтамасыз етеді:

1. Жануарларды ауыстырып алу мүмкін емес.

2. Құтыруға және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануарларды тасымалдау мүмкін емес.

3. Чип салу – жануарды иеленуге қатысты дау туындаған кезде маңызды дәлел бола алады.

Чип жануардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде сәйкестендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қайталанбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жылжып кетуіне жол бермейді. Бүгінгі күні жануарларға чип салумен аудан, қалалардағы ветеринариялық малдәрігерлер айналысады.

Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауапкершілікпен қарап, үй жануарларыңызға қамқорлық жасауды сұраймыз.

Есепке алу қағидаларын бұзған жағдайда 10 АЕК айыппұл көзделген!