Күннің қатты ысуы аса қауіпті «Сібір жарасы» ауруының шығып кету қаупі жоғары. Сондықтан Сіздерден, жануарлардың ауырғаны не ауруға күдік келтіргені туралы ветеринар мамандарына сол мезетте хабарлауды және олар келгенше жануарларды оқшаулап ұстау жөнінде шаралар қолдануды сұраймыз.
Ауырған және ауруға күдікті жануарларды ветеринар дәрігерлеріне көрсетпей лажсыздан союға, өнімін сатуға, пайдалануға болмайды. Өз білермендікке салынбаңыздар! Жануарлардан алынатын өнімдерді арнайы орындардан алып пайдаланған абзал.
Сібір жарасына қарсы вакцина егілген жануарларды 14 күнге дейін союға тиым салынады. Егілмей қалып қойған (жаңадан келген), жануарларыңыз болса тез арада ауылдың ветеринар мамандарына хабарлап, жануарларыңызға вакцинация жасатыңыз.
Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес, өз жануарларыңызға уақтылы вакцина ектіруге және олардың диагностикасын қамтамасыз етуге міндетті екендеріңізді ұмытпаңыздар! Заң талабын білмеу, жауапкершіліктен босатпайды. Жануарларыңызды вакциациядан қалдырмаңыздар!