Мемлекет басшысының «Жастарға жұмыс» жобасын іске асыру мақсатында Ордабасы аудандық » Жастар ресурстық орталығы» КММ Ордабасы аудандық Мансап орталығы және “Аманат” партиясы филиалымен бірлесе отырып түлектер мен жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізді.
Мұндағы мақсат- оқу орнын бітірген түлектерді және жұмыссыз жүрген жастарды жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жастарға арналған бағдарламалармен таныстыру, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына, сұхбаттасып жүздесулеріне ықпал жасау болып табылады.