Ордабасы ауданында “Эко Ордабасы” қозғалысы тарихи-мәдени және көпшілік орындарда тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады.
Осы мақсатта Шұбар ауылындағы “Мәңгілік алау” саябағы маңында ауыл жастары, №18 колледж студенттерінің қатысуымен “Жасыл аймақ” экологиялық тазалық шарасы өткізілді.
Тазалық шарасына 60-қа жуық жастар қатысып, “Мәңгілік алау” саябағы маңын қатты тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстарды, қураған ағаш қалдықтарын тазалау жұмыстарын жүргізді.
“Эко Ордабасы” қозғалысына тұрғындар, жастар экологиялық ақуалды жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру дағдысын қалыптастыру үшін белсенділік білдіруде.
“Тазалық — тазалаған жерде емес, тазалықты сақтаған жерде!” дегендей баршаңызды табиғатымызды аялап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырамыз!
Бұл жоба Түркістан облысының “Азаматтық альянсы” заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.