Ордабасы ауданының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Тұрғындар ауылдық округтерден әкелінген өнімдерді арзандатылған бағамен сатып алды. Бұл жолғы жәрмеңкеге ауылдардан картоп, жуа, сәбіз, асқабақ, көкөніс пен жемістер, қауын, ет, айран, сүт, бөгеннің қымыраны, тауық еті, шұжық өнімдерінің түр-түрлері ұсынылды.
Тұрғындар осы жәрмеңкені ұйымдастырған аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Айта кетейік ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмекесі әр аптаның сенбі күндері өтеді.