Ордабасы ауданында жыл сайын өз кәсіптерін ашып жатқан кәсіпкерлер саны артуда. Ауылда адалдықпен ерінбей еңбек етіп жүрген кәсіпкердің бірі көп балалы әке – Ақжігітов Науатбек Құрасбекұлы 2023 жылы 1 млн. 380 мың теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант алып, кір жуатын ұнтақ шығаратын цех ашқан. Цех Темірлан ауылындағы Абасов көшесінің бойында орналасқан. Кәсіпкер күніне 1 тонна 200 кг-ға жуық ұнтақ шығарып, Қазақстанның барлық аудан-қалаларына таратуда. Қазіргі таңда 2 азаматты жұмыспен қамтып отыр. Өнімділіктің артуы сұранысқа байланысты күн сайын артуда.