ЕҢБЕКПЕН ЕҢСЕ ТҮЗЕГЕН АУЫЛ: АЗАТ ОРАЛБАЕВ БӨРЖАР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

ЕҢБЕКПЕН ЕҢСЕ ТҮЗЕГЕН АУЫЛ: АЗАТ ОРАЛБАЕВ БӨРЖАР АУЫЛ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев бекітілген кестеге сәйкес Бөржар ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Халықпен кездесуге сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің басшысы Ғалымжан Қуашбаев, мекеме директорлары, ауыл округтің тұрғындары мен белсенділері қатысты.
2024 жылы сәуір айында өткен есепті кездесуде ауылдық округ бойынша 3 мәселе көтерілген болатын соның ішінде 1-і шешімін тапқан, 2-і орындалу барысында. Оларды шешу бойынша арнайы қадамдық іс-шара жоспары жасалған. Бүгінде олар кезең-кезеңмен шешілуде.
Шешімін тапқан мәселе:
Ұялыжар елді мекенінен мал жайылымына шығатын аумақта жер телімін қоршаған жер пайдаланушымен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде, қоршаудың бір бөлігі алынып, ауылдың малы өтетін жол ашылды.
Орындалу үстіндегі мәселер.

  1. Жамбыл елді мекені, балалар ойын алаңшасын орнату үшін сметалық құжаттама әзірленіп, (құны-12,9 млн.тг.) Қалау Датқа көшесі бойынан жер телімі заңдастырылды. 2025 жылдың бюджет жоспарына енгізілді.
  2. Жамбыл елді мекені, «ДАЛА-КОНСТРАКШН» ЖШС-нің жеріне салынған тұрғын үйлер орналасқан 10 га жер телімі шілде айында аудандық қорға қайтарылып, елді мекен шегіне енгізілді. Ендігі кезекте, тұрғын үйлердің құжаттарын ары қарай заңдастыру үй иелерінің өз есебінен атқарылуда.
    Бөржар ауыл округінде 1 809 га суармалы жерлерді ағын сумен қамтамасыз ететін 6 канал бар. Биыл «Алпар» (3,2км), «Тұрсынай» (1,5км), «Тоқболат» (3,5км) каналдары механикалық тазалаудан өтті. Абаттандыру жұмыстары бойынша осы жылы 6 нысанның құрылысы жүргізілді. Ұялыжар ауылына балалар ойын алаңшасы ақпан айында пайдалануға тапсырылды. Қыркүйек, қазан айларында 4 елді мекенге (Қайнар ауылы Ғ.Мұратбаев, Жангельдин көшелеріне, Қалаш, Теспе, Ықыластемір елді мекендеріне) 4 дана балалар ойын алаңшасы орнатылып, пайдалануға берілді.
    Аудан басшысы Азат Әбдіғалиұлы кейбір мәселелерді шешу үшін бюджеттен қаржы қарастыру кезінде қосымша уақыт талап етеді. Бөржар ауылдық округінде жүзеге асырылатын жобаларға, жұмыстарға кеңінен тоқталып, бөржарлықтардың сауалдарына жауап берді. Сондай-ақ ауылдық округтің тұрғындарын әрбір тұрғын үй өз ауласына тал отырғызып, сыртқы қоршауларын ретке келтіріп “Таза Қазақстан” республикалық акциясына үлес қосуға шақырды.