Ордабасы ауданы, Бадам ауылының тұрғыны, кәсіпкер Амитов Жолдыбек 3 топ мүгедектігі санаты бойынша «Жартылай фабрикат өнімдерін дайындау» бизнес-жобасын комиссия отырысында қорғап, мемлекеттен 1 млн 478 мың теңге қайтарымсыз грант алды. Грант қаражатына қажетті құрал-жабдықтарын алып, кәсібін дөңгелетуде. Қарамағында 3 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпкер, күнделікті 30 кг «Дәмді» үй түшпарасын дайындап, аудандағы дүкендерге өткізуде.
Алдағы уақытта кәсібін бұдан да үлкейтіп дамытуға ниетті екенін жеткізе келе, «талмай еңбек етіп, маңдай тер, адал табыс болған жерде береке-бірлік болады. Отбасында айтылып отыруы тиіс ең керекті сөздің бірі осы болуы керек» дейді іскер азамат.