ЕҢБЕКҚОР АУДАН: ОРДАБАСЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

ЕҢБЕКҚОР АУДАН: ОРДАБАСЫДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқаны аясында Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың тапсырмасымен тазалық шараларын өткізу бекітіліп, аудан аумағында жалпы аудандық сенбіліктер өтуде.
Тұрақты түрде жүргізіліп отырған тазалық шарасы жалғасын тапты.
10 ауылдық округте ұйымдастырылған сенбілікке мекеме қызметкерлері, кәсіпкерлік нысан иелері атсалысты. Сенбілік барысында қатысушылар өздеріне бекітілген аймақтарды күл қоқыстан, құрылыс заттарынан, кесілген ағаш бұталарынан, орылған шөп қалдықтарынан тазартты. Жол бойындағы жабайы тікендерді шауып, қураған шөптерін орды.
Аталған шараға ауыл округ әкімдері қатысып, аудан аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Тазалық шаралары нәтижесінде облыстық, аудандық маңызы жолдың бойлары, ішкі көшелер тазаланды. Тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттырып, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шараға арнайы ауыл округтеріне берілген трактор тіркемесімен 40 тонна қоқыс шығарылып, жалпы сенбілікке 250-ге жуық адам қатысты.