ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ - Kemel kz
#Жалпы

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚТЫ

2013 жылдың 22 қарашасында Мемлекет басшысының қаулысымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі «Еңбек күні» мерекесі болып еңгізілген болатын. Осыған орай, аудандық ішкі саясат бөлімі “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен еңбек адамдарына құрмет көрсетілді.
Шараның барысы нағыз еңбек адамын ұлықтау болды. Мақсат – өскелең ұрпақтың бойында еңбексүйгіштік қасиетін қалыптастырып, кәсіптегі қабілетін шыңдау.
Нажуанов Ерлан Абылаевич Қараспан су жүйесінде жұмыс атқарады. “Бұл салада жұмыс атқарғаныма 2-3 жылдың көлемі болды, қазір өз ісімнің маманы болдым десе де болады. Жұмыста қиындықтар болып тұрады, бірақ сонымен қатар, қызықшылықтары да көп”,-дейді Ерлан мырза.