ЕҢБЕҢ ҰЖЫМДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ - Kemel kz
#Жалпы

ЕҢБЕҢ ҰЖЫМДАРЫ ТАЗАЛЫҚҚА ҮЛЕС ҚОСТЫ

“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы тазалық, абаттандыру жұмыстары Ордабасы ауданында жалғасын табуда.

Аудан көлемінде жүргізіліп жатқан қызу тазалық жұмыстарына барлық мекеме қызметкерлері бір кісідей атсалысып, әрбір ұжым бөлінген аумақтарда, көшелерде тазалық жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Соның ішінде, ауылдың кіре беріс аймағын, орталық көшелер мен әлеуметтік нысандардың айналасын толық қамтыған тазалық жанашырлары қоқыс қалдықтарын шығарып, ортақ мекеннің көркеюіне өз үлестерін қосты.