ЕҢБЕҚҚОР ХАЛҚЫ БАР ШҰБАРСУДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС - Kemel kz
#Әлеумет #Жалпы

ЕҢБЕҚҚОР ХАЛҚЫ БАР ШҰБАРСУДА АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР АЗ ЕМЕС

Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаевтың жұмыс сапары Шұбарсу ауыл округінде жалғасты. Халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, ауданды, оның ішінде Шұбарсуды жаңғыртудың негізгі бағыттарына тоқталды және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірді.
Шұбарсу ауыл округінде өткен есепті кездесуде 4-ұсыныс айтылды. Ол мәселелердің 1-і шешімін тауып, қалған 3-нің шешу жолдары қарастырылып, қадамдық іс-шарасы бекітіліп, жұмыстар жасалуда.
Сонымен қатар ағымдағы жылы бірнеше көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Елді мекенді ауыз сумен қамту 5 кезеңмен іске асып ауыз сумен тұрғындар қамтылуда, табиғи газбен қамту 4 кезеңмен іске асырылуда. Қазыбек би көшесіне жарықтандыру құралдары орнатылды. Болашақ алабына спорт және балалар ойын алаңша орнатылып, пайдалануға берілді. Сондай-ақ Сұлтан Бейбарыс, Қазыбек би, Тәуелсіздік көшелері орташа жөндеуден өтіп, ішкі көшелерге тас төсеу (30 шқ) бойынша қазіргі таңда, 24 шақырымға тас төселді, тас төсеу жұмыстары жалғасын табады. Бірқатар көше жарықтандырылды.
Аудан әкімінің баяндамасынан кейін кездесу сұрақ-жауап форматына көшіп, тұрғындар тарапынан ауыз су, табиғи газ, жол салу, тас төсеу, интернет желісі, жол кедергісі, жол белгілері, әлеуметтік көмек, абаттандыру мәселелері бойынша сауалдар қойылып, олар бойынша жұмыс жүргізу үшін тиісті сала мамандарына нақты тапсырмалар жүктелді.