1)«Бадам» индустриялды аймағында «Bereke Kaz-Enginerig» компаниясының темір бетон конструкцияларын шығару зауытының құрылыс монтаждау жұмыстары басталды. Жобаның инвестициялық құны 1 млрд. 500 млн.тг. өндірісттік қуаттылығы жылына 20 мың текше метр, іске қосылған уақытта 44 адам жұмыспен қамтылатын болады.
2) «Steel Frame» компаниясының металл өнімдерін өндіру жобасының құны 300 млн теңгені құрайды. Өндірістің негізгі қондырғы жабдықтары Қытай технологиясы. Жобаның өндірісттік қуаттылығы жылына 1000 тонна. Кәсіпорын іске қосылған уақытта 25 адамды тұрақты жұмыспен қамтитын болады.
3) «RZN» автоклабталған газоблок бұйымдарын өндіру жобасы. Инвестициялық құны 1 млрд.500 млн теңге. Негізгі қондырғы жабдықтары Қытай технологиясы. Ол табиғи материалдардан (ұсақ ұнтақталған құм, цемент, әк) су және кеуекті түзетін қоспаларды қосып, кейіннен автоклавтарда шикізатты термиялық өңдеуден (жоғары температура, ылғалдылық, қысым) өткізеді. Жоба іске қосылған уақытта 25 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда.
Жалпы осы зауыттар іске қосылған кезде 100 ге тарта адам жұмыспен қамтылатын болады.