Ордабасы ауданы әкімінің төрағалығымен жергілікті кіріс көздерін арттыру бойынша жиын өтті.
Сала мамандарының қатысуымен өткен жиында:
— Жаңадан құрылған, пайдалануға берілген және мемлекеттік қабылдаудан өткен құрылыс нысандарын мүліктік меншікке өткізу;
— Аудан аумағынан тыс жерлерде тіркеліп, аудан аумағында орналасқан кәсіпорындар;
— Аудан аумағынан тыс жерлерде тіркеліп, аудан аумағында жұмыс атқарып жүрген мердігерлер;
— 2024 жылдың қаңтар-мамыр айларында жүргізілген тексеру нәтижесімен анықталған Заңсыз орналасқан жарнама нысандары;
— Автотұрақтар мен жанар май құю бекеттерін салуға берілген жер телімдерінен түскен салық;
— Коммуналдық тұрғын үйлерді жалға беруден түсетін түсімдердің өндірілмеген қарызы;
— «Дипломмен ауылға» 2009-2017жж берілген несиелердің қарызы;
— Жұмысшы топпен анықталған заңдастырылмаған нысандар мен тойханаларды бағалау мәселелері қаралды.
Аудан әкімі кіріс көздерін арттыру аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға және тұрмыс сапасын жақсартуға сеп болатындығын айтып, нәтижелі жұмыс қажет екендігін атап өтті. Сондай-ақ аудан басшысы күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді саралай келе, тиісті мекемелендің және бөлімдердің басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы бойынша тиісті жұмыстарды жандандыру керектігін тапсырды.